Талас ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өтті

0 3

Талас ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Coworking» орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді әрі сапалы көрсету мақсатында аудан тұрғындарымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі болып өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Іс-шараға мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылық, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту орталығы, Қаратау қалалық әкімінің аппараты, аудандық мемлекеттік архив және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімінің мамандары қатысты.

Жәрмеңкені өткізудің басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуына байланысты консультациялық көмек көрсету және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды насихаттау.
Тұрғындардың басым көпшілігін тұрғын үй кезегі, әлеуметтік жағынан көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту бағытындағы мәселелер толғандырды. Әр тұрғынның көкейінде жүрген сауалдарына білікті мамандар толыққанды жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алудың жолдары тұрғысында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Елуден аса тұрғын қатысқан бұл шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.