Шу ауданында кәсіпкер сүт өнімдерін өндіруде

0 9

Шу ауданының Өндіріс ауылдық округінде ашылған шағын сүт өңдеу цехы өз жұмысын 2019 жылдан бері дөңгелетіп келеді. Цехтан шығатын қаймақ, айран, сүзбе, сүт өнімдері аудан орталығындағы сауда орындары мен әлеуметтік нысандарға жіберіледі. Май шайқап, айран ұйытқан кәсіпорын шалғайдағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жеке кәсіпкер Сайра Тлеумаханова цехтан шығатын өнімдерге қажет сүтті қолда бар сауынды сиырлардан жинауда. Тұтынушылардың айтуынша жергілікті кәсіпорын сапалы қызмет көрсетіп, талғамдарынан шығуда.

Кәсіпкер алғашқы сүт өңдеу цехының құрал-жабдықтарын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасынан тағайындалған грант арқылы сатып алған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы «Даму» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 3 жақты келісім шартқа отырған. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер Қостанай қаласынан 5,1 млн. теңгеге қосымша цехқа қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, кәсібін кеңейтуге ниетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.