Жамбыл облысындағы 323 ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған тәуелсіз комплаенс-қызметтер жұмыс істейді

0 6

Парақорлыққа қарсы ең жақсы тәжірибелердің бірі тәуелсіз комплаенс-қызметтер енгізу болып табылады. Мұндай қызметтер қазірдің өзінде облыстың квазимемлекеттік секторының 323 ұйымында жұмыс істейді.

«Бүгінде әлемде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберінде корпоративті парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы тәуелсіз комплаенс- қызметтерінің тиімді жұмысы болып табылады. Комплаенс-мамандардың негізгі міндеттерінің бірі — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Маңызды басымдық -алдын алу», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративті стандарттардың сақталуы туралы, сонымен бірге, ол сәйкесінше осы ұйымдардың басшылары үшін басымдықтардың біріне айналуы керектігі туралы айтылды.

«Біз шұғыл және тиімді түрде комплаенс-қызметтердің толыққанды жұмыс істеуін ұйымдастыруымыз керек. Сонымен қатар, тек 2019-2020 жылдары ғана ел Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы үш заңға қол қойды. Заң Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдарды енгізу жөніндегі нұсқаулықты жүзеге асырады. Қылмыстық заңнаманы едәуір қатайтумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен болдырмауға ауысады», — деп атап өтті Әділхан Әшірбаев.

Өңірлік ведомство басшысының мәлімдеуінше, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға келесі өзгеріс енгізілді, онда: «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады».

«Тұрғын үй Жөндеу-Тараз» ЖШС басшылығы кәсіпорында сыбайлас жемқорлықпен күресу, жүргізілген жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Азаматтардың бізге тікелей хабарласуы үшін телефон желісі ашылды, ол аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Оны тұрғындар біздің қызметімізге қатысты барлық сұрақтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша пайдалана алады», — деді «Тұрғын үй жүндеу-Тараз» ЖШС басшысы Кенжехан Абжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.