Мойынқұмда 10224 тұрғынға екпе салынған

0 7

Мойынқұм ауданында ағымдағы жылы коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында мониторинг топ 175 рейд жұмыстарын жүргізіліп, 205 нысан аралаған. Нәтижесінде 15 хаттама толтырылып, 656 300 мың теңге айыппұл салынған. Ауданда вакцинациялауға жататын 13794 тұрғынның 10224-не екпе салынған, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Қазіргі таңда аудан бойынша карантиндік стационарда 17 тұлға жатыр. 2020 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 970 адамнан ПТР тест алынды.

Мойынқұм ауданында індеттің алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстары да кеңінен жүргізілуде.
16 ауылдық округ тұрғындарына «Коронавирустың алдын алу жолдары», «Не себепті вакцина салу керек?» атты жадынамалар таратылды.

Жыл басынан бері БАҚ көздерінде 1429 материал,әлеуметтік желіде 967 жарияланым және 252 бейнеролик, сондай-ақ, аудан әкімінің ресми сайтына 15 материал орналастырылса, округтердің көрнекі жерлеріне «Коронавирус инфекциясын алдын алу» тақырыбында 31 баннер ілінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.