Облыс әкімінің орынбасары Мойынқұм ауданында

0 24

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов Мойынқұм ауданына іс сапарымен келді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары шабындықтағы шөптің яғни қысқы мал азығының жай-күйімен жіті танысу мақсатында Ұланбел ауылдық окургінде болып, «Мақсат», «Ерсұлтан» шаруа қожалықтарының шабындық жерін көзбен көріп шаруалардың тыныс тіршілігімен танысты.

Аудан бойынша 24 мың гектар шабындық жер бар болса, 17725 гектар шабындығы Ұланбел ауылдық округіне тиесілі. Айта кету керек, облыс бойынша 18 500 шаруа қожалығы болса, соның 60 пайызы егіншілікпен айналысады екен. Ал Ұланбел ауылдық округінде 11 шаруа қожалығы бар болса, оның 8-і бүгінде шабындық басында бел шешпей еңбек етуде. Мұнда шөп дайындау науқаны басталғалы бері үш аптаның ішінде 8 мың 725 гектар шөп шабылыпты.

Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, сапалы өнім алу әр шаруаның басты мақсаты. Ол үшін егін суы тиянақты берілуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстардың жүргізілу барысымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов Қызылотау, Қызылтал, Бірлік және Кеңес ауылдық округтерінде болды. Онда Шу өзенінен байланатын байлаулармен және «Байбарақ» каналының басжағындағы шлюздерді көрді.

Сондай-ақ Қызылтал ауылдық округіндегі егін егіп жатақан бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, 100 га. егістік алқабын тиімді пайдаланып отырған Жұмасейт Аукешовпен тілдесті. Онда бақша дақылдарымен қауын, жүгері сынды дақылдарды егіп отырған дихан, ауылға техника қажет екендігін және егін суды ерте көктемде жіберсе деген ұсынысын айты.

Биылғы жылы Қызылтал ауылдық округі бойныша 1254 га. алқап игерілуі көзделсе, оның ішінде арпа 45 га, жүгері 300 га, тары 300 га, күнбағыс 20 га, картоп 20 га, көкөніс 30 га және бақша дақылдары 80 га, қалған алқаптарға жоңышқа тұқымы себілген болатын.

Егіс алқабын аралау жұмыстары Бірлік ауылдық округінде жалғасты. Мұнда «Байбарақ Агроның» 100 га жерге егілген алқабының біріне атбасын бұрып, кооператив жетекшісі Алмабек Әбдіқалықовпен егін суы жайында тілдесті. Сонымен қатар шаруаның 10 гектар жерге егілген тары алқабымен танысып, ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ Бірлік ауылы жанындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 60 гектар жүгері алқабын көрді. Бірлік ауылы бойынша 1481 гектар суармалы алқап игерілу көзделіп отыр. Негізінен аса басымдық беріп отырған ауылшаруашылық дақылдары дәндік жүгері, арпа, жаңа жоңышқа, бақша дақылдары және көкөніс өнімдері болуда.

Облыс әкімінің орынбасары сапар соңында Шу өзенінен бастау алатын Айдарлы ауылындағы «Биназар» тоғанына соғылатын су тоспасының орнымен танысты. Аталған су тоспасының жобалық-сметалық құжатын жасату үшін мемлекеттік сараптамадан өткізуге 49 млн. 200 мың теңге облыс әкімдігінің қаражатынан қарастыруды сұранып, «Биназар» тоғанына соғылатын құрлысқа шамамен 800 млн. тг қажет болып отырғанын аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов айтып, халықтың сұранысы бойынша егістік алқаптарды кеңейту үшін Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал ауылдық округтеріне су тоспасын салу қажет екендігін де сөзге тиек етті. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Молдиярұлы қажетті құжаттарды жинап, өзіне жеткізу керектігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.