Жамбыл ауданында 1 882 отбасыға жер телімі беріледі

0 2

Ағымдағы жылы кезекте тұрған 11 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында Жамбыл ауданына қарасты 7 елді мекеннің яғни Айшабибі, Бірлесу-Еңбек, Бектөбе, Қызылқайнар, Аса, Тастөбе, Ш.Ниязбеков ауылдарында жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ жүргізуге 2,5 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 1 882 отбасыға жер телімі беріледі, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, кезектіліп тәртіппен үлестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.