Талас ауданында егін орағы қызу жүруде

0 3

Талас ауданында егін орағы қызу жүруде. Қамбаны қазірден бастап толтыруға кіріскен шаруалар комбайндарын тізгіндеп, егістіктің басынан табылуда, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ауданда 2021 жылдың өнімі үшін барлығы 13675 гектар егістік алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде 6420 гектарға масақты дәнді дақылдар егілген. Атап айтқанда, 4900 га күздік бидай, 1520 га жаздық арпа Қаратау жотасындағы жерге себілген.

Биылғы ауа-райының құрғақшылығы егінге де қатты әсер етті. Орташа есеппен әрбір гектардан 8 центнерден өнім жиналуда. Егін орағына 14 комбайн қатысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.