1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!

0 8

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бүгін Т.Рысқұлов ауданындағы барлық мектептер мен білім ордалары оқушылар мен білім алушыларға есігін айқара ашты. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы Терлікбаев Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде болып, ұстаздар мен ата–аналарды, оқушыларды Білім күні мерекесімен құттықтады.

Еліміздің өсіп-өркендеуі білім жүйесінің деңгейіне, мектеп біліміне тікелей байланысты екенін ерекше атап өткен аудан басшысының орынбасары ұстаздар мен оқушыларға жаңа жетістіктер мен ізденістер, шығармашылық табыстар тіледі.

Аталмыш білім ордасында биыл 1 сыныпқа қабылданған 58 жас бүлдіршіндерге «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды. Болашақтарынан көп үміт күткен ата-аналар да бұл салтанаттың куәсі болды.

Мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сап түзегін оқушыларға сыңғырлаған қоңырау үні соғылды.

Салтанатты шара соңынан 1 сынып оқушыларына «Кел, балалар, оқылық!», 2-11 сынып аралығындағы оқушыларға «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.