ЖОЛДАУДЫ КЕШЕНДІКТЕР ҚОЛДАУДА

0 1

Бүгін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауына байланысты «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде болып, кешен қызметкер-жұмысшыларымен кездесті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды.

Ал, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы баяндама жасады.

Баяндама барысында Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалуы мен міндеттері, бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ, Жолдауда айтылған әрбір тапсырма бойынша атқарылатын жұмыстардың барысы мен жаңа жобаларын таныстырды.

Сондай-ақ, кешен қызметкерлері Мұратқали Сәрсенов пен Динара Асанова сөз сөйлеп, Жолдау аясында сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.

Президентіміздің қазақстандықтарға жолдаған биылғы Жолдауы жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттеріне кешендіктер де қызу қолдау білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.