Талас ауданының 3 елді мекеніне газ кіреді

0 2

Талас ауданының 3 елді мекеніне газ кіреді. Аталған ауылдарға Ақкөл, Ақтөбе мен Қызыләуіт жатады. Ал тартылатын газ құбырын салуға 444 млн 444,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Бұл инфрақұрылымдық игілік «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бойынша іске аспақ.

Спикер сонымен қатар, Талас ауданында «Билікөл» АГТС салуға да дәл осындай суммада қаржы қаралғанын айтты. Бүгінде 444 444,0 мың теңге бөлініп, газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан басшысы алдымен мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тоқталып өтті. Айтуынша, салықтар түсімі бойынша жоспар 616 млн. 948 мың теңге болса, 2021 жылдың 1 шілдеге орындалуы 829 млн. 372 мың теңге болған. Бұл 134,4% деген сөз. Жоспар 212 млн. 424 мың теңгеге артық орындалған.

Есепті кезеңде Талас ауданында өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 23 млрд. 608 млн. 100 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 623 млн. 100 мың теңгеге артық орындалды. Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 848 млн. 100 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады.

«Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 2 734 субъектісі тіркелген. Олардың 179 шағын-орта кәсіпорын. 1698 жеке кәсіпкер және 857 шаруа қожалық. Осы тіркелген субъектілердің 2 202 немесе 80,5 пайызы жұмыс істейді», — деді әкім.

Leave A Reply

Your email address will not be published.