БАБЫН ТАПСАҢ БАҚШАДА ДА ПАЙДА КӨП

0
94

ZHAMBYLNEWS — Бүгінде ауыл тұрғындарының әрбіреуінің ауласында азын-аулақ болса да жері бар. Құрамы дәруменге бай бақша өнімдерін өсіріп, баптап жүрген, бүгінгі кейіпкеріміз Жайылма ауылының тұрғыны Жансая Рахымжанова. Бақшамен айналысуды «бала-шағамның несібесі» деп, бау-бақшаны санайтын Жансая апайымыз, қолы бос кезінде үйінің жанындағы бауды баптаумен, күтумен жүреді.

Өйткені, балаларының несібесі. Қол бос кезде ермек. Ал, үйінің айналасында бос жатқан жер жоқ деуге болады. Күзде пісіп, ауызға түсетін өнімнің неше атасы бар. Қыста дастарханның көркі ретінде тосап, шөлдегенде шөлді басатын сусын жасап қояды. Кейіпкерімізді әңгімеге тартқан болатынбыз.

— Осы бау-бақшадан өзімізге қажетті өнімді аламыз. Алма, түрлі жеміс ағаштарымыз бар. Сонымен қатар, картоп, қызанақ, жүгері, асқабақ, қауын, қарбыз т.б өнімдерді көктем кезінде егеміз, қазір жемісін көріп отырмыз. Аллаға шүкір, қазақ халқында «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,-деген сөз бар. Жаз бойы ерінбей еңбек етсең, жыл бойы рахатын көресің. Жолдасым Мейрғали Баймаханов бау –бақшаны күні бойы күтімге алып, арам шөптерінен тазартып, оны суарып тұрады. Келесі жылы жеміс тал егіп, бақшаны кеңейту жоспарда бар, — деді ол.

Тілге тиек етейік көпке үлгі болып жүрген Жансая апайымыз Жайылма ауылдық өнер мектебінде мұғалім, шәкірттері жыл сайын аудан, облыс, республика, халықаралық жарыстарда өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Халқымызда «артыңда мал қалғанша, тал қалсын»,- деген тамаша сөз бар. Демек, «адамның жасағанын адам жасай алады». Алма піс, аузыма түс демей ерінбей еңбек етсеңіз, ризық-несібеңіз үйіңізге өзі келіп тұрады.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here