САРЫСУДАҒЫ 7 АУЫЛ 100 ПАЙЫЗ ЕКПЕ САЛДЫРҒАН

0 3

Сарысу ауданының тұрғындары арасында екпе алу қарқынды жүріп жатыр. Мобильді топтар қазір ауыл аймақтарда егу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі таңда ауданға қарасты Жайылма, Жаңаарық, Досбол, Тоғызкент, Қамқалы, Игілік және Түркістан ауылдық округтерінің тұрғындары 100 пайыз екпе салдырған, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ауданда вакцинаның 7 егу пункті жұмыс атқаруда, оның ішінде біреуі көшпелі.

Бүгінде, жалпы вакцина салуға жататын аудан тұрғындарынын 83,2 пайызы екпе қабылдады.

Аптаның қорытындысымен вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың үлесін 87 пайыздан асыру көзделіп отыр.

Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.