Жамбыл ауданында мал дәрігерлік клиника ашылды

0 6

Жамбыл ауданында мал дәрігерлік клиника қолданысқа берілді. Енді тұрғындар төрт түліктеріне осы жерден екпе салдырып, ем жасата алады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мал шаруашылығында сапалы өнім алдымен төрт түліктің саулығына тікелей байланысты. Ал сол шикізатты тұтынатын адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария саласының қашанда орны ерек.

Бүгінде аталған салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен бір ғана Жамбыл ауданында 17 ветеринариялық пункт бар. Барлығы қажетті құралдармен жабдықталған. Бұдан бөлек арнайы мал дәрігерлік клиника да қолданысқа беріліпті. Онда инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында вакцинация, қан алу және ауру малға ем-дом жасалады. Сонымен қатар процедуралық және акушерлік қызметтер көрсетіледі.

— Ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мамандар 16 аса қауіпті ауруға қарсы профилактикалық іс-шараларды жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты түрде жүргізеді және түрлі ауруды зерттеуге биологиялық сынамалар жеткізу жұмыстарымен айналысады. Мал дәрігерлерінің жалақысы көтерілді. Мамандар жаздық, қыстық жұмыс киімдерімен, автокөліктермен қамтамасыз етілген. Ауылдық округтерде ветеринариялық пункт пен мал емдеуге арналған егу, емдеу алаңдары бар. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса, мал дәрігерлері көмекке әзір, – дейді ветеринариялық станция басшысы Сәкен Нұржаубаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.