Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада үшінші орында

0 16

Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада үшінші орында тұр, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 6 айдың қорытындысымен деректер қорына енген төрт түлік саны бойынша Түркістан облысы көш бастаса, екінші орында Алматы облысы тұр.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 992 мың бас мал бар. Облыстағы төрт түліктің қысқы азығын дайындау үшін 1 млн 700 мың тонна шамасында шөп жинау қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері жоспардың 75% орындалғанын алға тартып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.