Жуалы колледжіне 364 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы техникасы әперілді

0 5

№16 «Жуалы» колледжі республикалық «Еңбек» бағдарламасы аясында колледждер арасында өткен жобаға қатысып 364 миллион теңгегенің техникасына ие болды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

№16 «Жуалы» колледжінің «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисті» мамандығы болған оқу орындарының материалдық-техникалық базасы заманауи талапқа сай жабдықталды.

— Бұл Тұңғыш Президентіміздің ауылға, жастарға деген үлкен қамқорлығы деп білемін. Мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болмаған. Жобаның мақсаты – сұранысқа ие мамандықтар бойынша әлемдік бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындау. Осы мақсат аясында оқу орынының білімгерлеріне барлық мүмкіндіктер жасалуда. Қазір 4 техникасы жеткізілді. Қалған техника бірер күнде жеткізілмек, — дейді колледж директоры Медет Иманбаев.

Бүгінгі таңда колледж білімгерлері «John Deere 6195 M» және «Deutz-Fahtz Agroton L7» маркалы трактор, жүк тиегіш (экскаватор-погрузчик), жүргізу тренажеры (тренажер-симулятор вождения), механикалық шеберхана (слесарно-механическая мастерская), «Астра СЗТ — 3,6 А» маркалы дән сепкіш, «Sipma Z 224» маркалы пресс подборщик, «PRONAR N672» маркалы тіркеме, қайтымды қондырғылы соқа (оборотный навесной плуг 5 кс), арнайы технологиялар кеңсесіне арналған LED экранның игілігін көруде. Бұл техникалар Германия, Түркия, Украина,Ұлыбритания, Польша мен Чехия мемлекеттерінен жеткізілген.
Техниканы алып келген мамандар, жоба аясында бір жылға жасалған келісімшартқа сәйкес оқу орнының шеберлерін оқытып, үйретіп сертификат беріп, сүйемелдеп отырмақ. Бұл техникамен колледж өздеріне тиесілі 46 гектар егістік алқабын игеріп, студенттерді жаңа мамандыққа баулымақ ниетте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.