Шу аудынының әкімі Жаңа жол ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізді

0
26

Бүгін Шу аудынының әкімі Нұржан Календеров Жаңа жол ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өткізді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер жайлы айтып, өтініш-тілектерін жеткізді.

Аудан әкімі қабылдауға келген әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, жауапты сала басшыларына тапсырды.

Бұдан кейін аудан басшысы ауыл мектебінің қазандығының жай-күйін көрді. Білім ошағы жылыту маусымына дайын.

Сондай-ақ, Нұржан Календеров Жаңа жол ауылындағы қызу жүріп жатқан  пияз өнімінің жиын-терім жұмыстарын көрді. 21 гектар алқапқа пияз еккен шаруалар ауыл халқын да уақытша жұмыспен қамтып отыр.

Бұдан кейін аудан әкімі Белбасар, Жаңа жол ауылдарының арасын жалғайтын көпірдің құрылысына ат басын бұрды. Апатты деп танылған көпірдің құрылысы аяқталуға жақын қалған. Көпір бір аптадан кейін пайдалануға берілетін болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here