Талас ауданында бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» табысталды

0 2

Талас ауданындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай 1 «А», «Ә», «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Кел балалар, оқылық!» атты салтанатты жиын өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа тұс келген шаттыққа толы «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиын «Әліппені» қарсы алуға арналды.

Қуанышты күні бүлдіршіндерді құттықтау үшін мектеп директоры Гүлжамила Тоқбергенова сөз сөйлеп,
мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1- сынып оқушыларына сәттілік тіледі.


Салтанатты шара барысында 1- сынып оқушыларынан құрылған «Қазақстан» тобы «Білім — тәрбие бастауы!» жыр — шашуын арнаса, 7 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Қазақ елі» әнін орындады. Ал, ата — аналар атынан 1«Ә» сынып оқушысы Әсемғали Бекжанның анасы Бағира Көпбосынова мен білім ұясының ардагер ұстазы — Данагүл Молдабаева сөз алып, 1-сынып оқушыларына жылы лебіздерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.