Талас ауданында өндірілген өнім көлемі артқан

0 0

Талас ауданында өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 23 млрд. 608 млн.100 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 103,4%-ға орындалды, немесе 623 млн.100 мың теңгеге артық орындалды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

— Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 848  млн. 100 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7768,2 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2020 жылы-6378,9 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1389,3 млн.теңгеге артып немесе 121,8 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 102,1 пайыз, — деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.