Талас ауданында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 35 жоба қолдау тапты

0 5

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на Талас ауданынан 115,1 млн. теңгеге 35 жобасы оң шешім алған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Ауылдық жерлерден несиеге оң шешім алған жобалардың иелерімен мал шаруашылығын дамыту бағытында барлығы 39 бас МІҚ, 439 бас уақ мал, 102 бас жылқы малы сатып алынған.  

— «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде моноқала-Қаратау қаласынан да 147,0 млн. теңгені құрайтын 16 үміткердің тізімі жинақталып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Қаратау қаласынан 16,8 млн. тг. 3 жоба оң шешімін тапты. Бағдарлама аясында несие алғандардың арасында 4 әйел кәсіпкер, 8 жас кәсіпкер бар. Бұдан бөлек «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Сыбаға бағдарламасы» 154,3 млн тенгенің 9 жобасы іске асырылды. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 15,5 млн. теңгеге 4 жоба оң шешім алды. Несиеге оң шешім алған жобалардың иелерімен мал шаруашылығын дамыту бағытында барлығы 263 бас уақ мал, 25 бас жылқы малы сатып алынған, — деді аудан әкімі.

Бұған қоса, 2021 жылдың 1 маусымына «Әулие – ата  НС»  ЖШС-нен осы бағдарламаның қаражаты есебінен «Іскер» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы мақсатында 51,0 млн. теңгеге 8 жоба иелері несие алуға үмітті. Оның ішінде, 24 млн. теңгеге 4 жоба қарауда жатса, 27,0 млн. теңгеге 4 жоба құжаттарын жинақтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.