Талас ауданында бірінші сыныпта 1091 оқушы оқиды

0 1

Талас ауданда жаңа оқу жылында 35 мемлекеттік мектепте 9642 оқушы білім алады. Оның ішінде 4137 оқушы бастауыш сыныптарында, 1 ші сыныпта 1091 оқушы оқиды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

— Пандемияға байланысты оқу жылында оқу процесі оқушылар үшін қашықтан оқыту технологиясы арқылы және шалғай орналасқан 300-ге дейін оқушылары бар мектептерде дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Ауданда оқу тәрбие процесі: 8 орта мектепте 2407 оқушы қашықтан оқытылды. Шалғай ауылдарда  орналасқан 17 шағын жинақталған мектеп, 27 мектерде 2420 оқушы оқыды, оның ішінде 2 бастауыш мектептер, 6 негізгі мектептер, 19 орта мектептер. Қашықтықтан оқыған мектептер үшін «DarynOnlain» білім беру платформасын пайдаланды. Қаратау қаласындағы оқушылар үшін, яғни, ата-анасы жұмыс жасайтын, үйінде балаларын онлайн режимінде оқуға мүмкіндігі жоқ ата-аналардың өтініштері негізінде 1-4 сыныптардан кезекші сыныптар ашылып оқушыларды 2-3 ауысымда оқыды, — деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.