Шу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 48

Шу ауданының әкімі Нұржан Календеровтың өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Серік Сарсенбеков тағайындалды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан активімен өткен жиында Нұржан Сәбитұлы жаңа орынбасарының жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.

Серік Жұмалыұлы 1961 жылы Мойынқұм ауданының, Жамбыл совхозында дүниеге келген.

Білімі жоғары. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «құрылыс инженері», 2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай газ ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Мойынқұм ауданында «ПМК-45» инженері болып  бастаған.

1990-1994 жылдары ішкі істер бөлімінде оперативтік қызметкер болған.

1997-2009 жылдары техникалық құрылыс бақылаушысы қызметін атқарған.

2009 жылдары «Шу-Төлеби құрылыс» ЖШС-нің директоры болды.

2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.