Жас келсе -іске!

0
22

Биыл елімізде алғаш рет өткізілген ауылдық округ әкімдерін сайлауда Т.Рысқұлов ауданында тұрғындардың басым көпшілігі дауыс беру нәтижесінде облысымыздың ең жас әкімдері сайланды. Олар – Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Ерсайын Қуандық пен Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі – Сәбит Кенжеғара.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігіне де байланысты екені сөзсіз. Мемлекетіміз жастарды жан-жақты қолдау шараларына баса назар аударып отыр.

Оның ішінде ауылдардың дамуына жағдай жасау — мемлекеттің саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. 

Ауылдың тыныс-тіршілігіне қанық қос әкім бірінші кезекте шешілетін өзекті мәселелерді ауылдың даму жоспарына енгізіп те қойыпты. Заман жігерлі, қайратты, отаншыл белсенділердің қолында. Жастарға жауапкершілік артып, баршамыз қолдау көрсетсек, олардың алар белесі биік болмақ. Небәрі 28 жасында ауыл тізгінін ұстаған қос әкімге мол мүмкіндік берумен қатар, үлкен жауапкершілік те жүктейді. Себебі, ауыл – біздің алтын бесігіміз, атамекеніміз. Ауылдың гүлденуі – мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі. Ел экономикасында ауылшаруашылығының алатын орны да, маңызы да ерекше. Берекелі ауыл — табысты мемлекет.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here