Байзақ ауданының әкімі Семей полигоны зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарды қабылдады

0 0

Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай, Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов полигонның зардаптарын жоюға қатысқан бір топ азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

— Алдымен, карантин салдары және де 26 тамыздағы Қайнар ауылы маңында орын алған төтенше жағдайға байланысты кездесудің сәті бүгін түсіп отырғаны үшін Сіздерден кешірім өтінемін. Семей ядролық сынақ полигонына біздің ауданнан 220 азамат аттанып, өз борыштарын адал атқарғанын атап өтуге болады. Осы отыз жылдыққа орай, қырық бес азаматтарға есепшоттарына жүз мың теңгеден қаржы аударылды, — деген Бақыт Алпысбайұлы ардагерлердің отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Сондай-ақ, кездесу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев та жүрекжарды лебізін жеткізсе, «Айрықша тәуекелді ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрбол Пісібаев, Жалғызтөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Семей полигоны зардаптарын жоюға атсалысқан Арыстанбек Молдашев аудан басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттары, мерекелік медальдармен марапатталды.

Салтанатты шара соңында полигонның зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер естелікке суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.