Мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақы артты

0 0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы қалай өзгеретінін айтты.

«Жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен Қазақстан азаматтарына, отбасыларға, балаларға көмек көрсетіледі. Мүгедек балалар мен 18 жастан үлкен мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақы бұрын 31 180 теңге болса, қазір 10 мыңға көп, яғни 41 578 теңге. Осы қабылданған шаралар аясында 100 мыңнан астам қазақстандық қамтылатын болады», — деді Бердібек Сапарабаев.

Министр мүмкіндігі бар қазақстандықтардың жұмыс істеуіне жағдай жасау басты міндеттердің бірі екенін айтты.

«Осының аясында ауылдық жерде тұратын адамдарға 505 мың теңге көлемінде арнайы гранттар бөлінеді. Үйдегі әлеуметтік жұмыс орны жөнінде мысалдар көп. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе оларға жағдай жасап, үйде жұмыс істеп, әрі балаларын тәрбиелей отырып, ақша табуы үшін жағдай жасаймыз», — деді ведомство басшысы.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.