Сарысу ауданының  әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

0 0

Сарысу ауданының  әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген қабылдауда жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау барысында азаматтардың бірі жер мәселесі бойынша өтінішін айтса, енді бірі денсаулығына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіруде.

Сонымен қатар, бір топ азаматшалар жұмыссыздық, тұрғын үй кезегі мен әлеуметтік жағдайларына қатысты өтініштерін жеткізе келіпті.

Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіруде.

Тұрғындар тарапынан жолданған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.