Мойынқұм ауданында жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді

0 0

Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов Бірлік, Биназар ауылдық округтерінде болып, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаттары Зарина Құттыбекова мен Гүлжанат Манашевалар қатысты. Кездесудің басты мақсаты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу және түсіндіру болды.

Бірлік ауылдық округінде өткен жиында алдымен аудандық мәслихаттың депутаты Зарина Өрікқызы баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында Жолдаудағы негізгі бағыттарды атап өтіп, аудандағы ветеринария саласындағы жұмыстарға тоқталды.

Біздің облыс бойынша 11 ветеринариялық сатанция, 160 ветеринариялық пункттер жұмыс жасайды.Бүгінгі күні ветеринариялық стасаның 9 және ветеринариялық пункттің 103 жеке ғимараттарында отырса, қалған 2 ветстанса, 57 ветпкукт жалдамалы мекемеде отыр.Ауданда 84 ветеринариялық маман қызмет атқарса,ветеринариялық құрал-жабдықтармен көліктермен қаматамасыз етілген деді,Зарина Өрікқызы.

Ал Биназар ауылдақ округінде өткен кездесуді округ әкімі Бағдат Наурызбаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірхановқа баяндама жасау үшін сөз берілді. Онда аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді және еліміздің дамуының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Содан соң аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Манашева Сапалы білім беру мен Еңбек нарығындағы тиімді экожүйені қалыптастыру бағыттарына тоқталып, Жолдауда жарияланған мемлекет дамуының негізгі бастамаларын өз баяндамасында айтып өтті.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов алдағы уақыттарда Президент Жолдауына арналаған түсіндіру шаралары жалғасатындығын жеткізді.

Кездесуге округтердегі мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.