Жамбылдық ІТ мамандар жұмыссыз қалмайды 

0 4

Бүгін облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің жетекшілері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл рәсім Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі аясында жүзеге асты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Келешекте ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, сауатты мамандарға деген қажеттілік артады. Сол себептен де біз өңірдегі белді оқу орнымен IT мамандарын даярлау саласындағы нысаналы көрсеткіштердің өсуіне бірлесіп қол жеткізу үшін осындай шешім қабылдадық», — деп атап өтті басқарма басшысы Архат Байқазақов.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұловтың айтуынша, ЖОО бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы мен магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша IT мамандары дайындалып жатыр. Жыл сайын 100-ге жуық ІТ мамандары оқытылады. Олар қала мен облыстың кәсіпорындарында, республиканың бірқатар ірі компанияларында жұмысқа орналасады.

«Өткен оқу жылында Люблин техникалық университетімен «Мехатроника» бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер оқуын бітірді. Қазіргі уақытта Компьютерлік ақпараттық жүйелер мен технологиялар мамандығының магистранты Регина Губарева Браганса (Португалия) политехникалық институтында қосдипломдық бағдарлама бойынша білім алуда. Бұл құжат университет, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, кәсіпорындар, қала мен облыстың ІТ саласындағы бизнес-құрылымдары арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға айқын үлесін қосады деп сенемін», — деді ректор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.