Тараздық 35 оқушы  27 зерттеу жұмыстарын таныстырды 

0 7

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2021 жылғы «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында шығармашылық жұмыстар мен жобалардың желілік байқауы қорытындыланды. Биыл екінші рет өткен дәстүрлі экспедицияда тараздық 35 оқушы  27 зерттеу жұмыстарын таныстырды  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мектепшілік кезеңнен іріктеліп шыққан жұмыстар – «Туған өлкем-жұмақ мекен», «Ұлт руханияты-бабалар аманаты», «Селт еткізер-ерен той», «Туған жерім-тұғырым», «Өндірістік инновация кепілі-зияткерлік әлеует», «Әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа идеялардың күші», «Біздің күшіміз бірлікте», «Ұлы Дала өркениеті», «Жасыл планета» номинациялары бойынша тоғыз бағытта қорғалды.

Жобаның «Біздің күшіміз бірлікте» бағыты бойынша «Автономия система для очистки водоемов от плавающего мусора» тақырыбына 9-сынып оқушысы Ильяс Бибарыс зерттеу жұмыстарын жасап, сәтті қорғап, қанжығасына 1-орынды байлады. Жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Джусамбаев Мирлан.

«Өндірістік инновация кепілі-зияткерлік әлеует» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Закирхан Жайна адам температурасын өлшейтін SMART қол сағатының ерекшелігн тереңірек зерттеп, адам өмірінде сағаттың атқаратын рөлі, пайдасы, артықшылығы мен кемшілігіне тоқталды. Жас зерттеушінің бұл жұмысы 2-орынға ие болды.  Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі  Аугамбаева Лязат

«Ұлт руханияты-бабалар аманаты» бағыты бойынша 12 сынып оқушыларынан құралған шығармашылық топ Манарбекова Аружан, Аширбаев Асылзат, Ердосова Әсем, Турсынова Мунира Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасындағы Тұрар Рысқұловтың тарихи жолының топонимдер арқылы берілуін  бірлесе, біріге зерттеді. Жан-жақты зерттелген жұмыс  2-орынмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабек Эльмира.

«Туған елге тағзым» зерттеу экспедициясы академиялық білімді растау мен кеңейтудің сәтті алаңына айналды. Бірақ бірінші кезекте оның барлық қатысушылары «Туған елге тағзым» жобасының символдық атауы өзін толық ақтайтынын мойындайды: « Экспедиция маршруттарында біз өз Отанымызға деген мақтаныш сезімін ұғынып, оның жетістік тарихына нақты үлес қосуға деген ұмтылысты шынымен түсіндік», – дейді экспедиция қатысушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.