Жамбылдық шаруа бір гектардан 40 тонна сәбіз жинап жатыр

0 0

Жамбыл ауданындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы сәбіздің әр гектарынан 40 тонна өнім алып жатыр. Жиын-терін жұмыстарына 30-дан астам адам жұмылдырылған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Жарасбаевтың сөзіне сүйенсек, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылса, қазір оның 510 гектары қазылып қапталған. Қоймаға 16 687 тонна өнім тасымалданған. Сәбізден олжалы болуды жақсы меңгергендердің бірі- Гродекова ауылындағы «Тимофеев» шаруа қожалығы.

Сәбіз – күтімі ерекше өнім. Судан тапшылық көрмеуі керек. Биыл 40 гектарға орналастырған сәбізіміздің көрінісі ерекше. Жотасы жұдырықтай болып көрініп тұр. Екі қадымнан бір қап толтыруға болады. Қазір орташа есеппен алар болсақ, әр гектар 40 тоннадан аса өнім беріп отыр. Егістік басында 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Осы апта аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қоймаға 1600 тонна сәбіз жиналатынына нық сенімдімін,- дейді Андрей Николаевич.

Leave A Reply

Your email address will not be published.