Нұржан Нұржігітов басқарманың салалық бөлім басшыларының есебін тыңдады

0 10
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов басқарманың салалық бөлім басшыларының есебін тыңдады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқарманың мәжіліс залында өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде басқарманың 9 айда атқарған жұмыстары және алдағы жоспар қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов төрағалығымен өткен жиында бұл жолы бәрімізге белгілі болып қалған басқарма басшыларының есебі емес, керісінше әр салада тікелей жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалды. Тыңдап қана қоймай түрлі мәселенің басы қайырылды. Тыңдалды, айтылды, тапсырма берілді.

Алдымен басқарманың табиғат қорғау бағдарламаларын реттеу бөлімінің басшысы Нағима Темірбекова баяндама жасады. Бөлім басшысы өзі басқаратын бөлімге жүктелген міндеттердің 9 айдағы орындалу барысымен таныстырды.
Алдымен аудандар мен басқарма арасында келісім бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру бағытында бекітілген 3 индикатор бойынша тоқталды. Нағима Тұйғынбекқызының айтуынша бірініші индикатор ол «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі» болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен индикатордың орындалу көрсеткіші 11,6 пайызды құраған.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 55 437 тонна қоқыс жинақталып, оның 6 292,2 тонна қалдық бөлек жинақталып, сұрыпталып отыр. Жоғарыда айтылған 9 айдағы пайыздық көрсеткіш осының есебінен шығып отыр,- деді бөлім басшысы.

Екінші «Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің қоршаған ортаға эмиссиялардың экологиялық құжаттарды рәсімдеу» индикаторы бойынша облыста 158 полигон болса, оның бәрі экологиялық талаптарға сай келгенімен оның 61 полигоны санитариялық талаптарға келмейтіндігін жеткізді.

Яғни, қоқыс тастайтын полигондарда 5 ауданда қоршаулар орнатылмаған. Жуалы ауданында – 4, Мойынқұм ауданында – 23, Сарысу ауданында – 10,Тұрар Рысқұлов ауданында – 7, Шу ауданында – 17 полигонның бүгінгі күні қоршаулары жоқ, — деді Нағима Тұйғынбекқызы.

Үшінші индикатор «Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту» аясында атқарылған жұмыстарға басқарма тарапынан жүргізілген талдау нәтижесінде 50 пайызды көрсеткен.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Молдиярұлы жоғарыда айтылғандардың негізінде әлі де аудандармен жұмысты тығыз жүргізу керектігін тапсырды.
Бұдан өзге аппараттық кеңесте экологиялық проблемалар және «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне кіретін өңіріміздегі су қоймалардың жағдайы қаралды.

Келесі кезектегі аппараттық жиында орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау бөлімдерінің есебі тыңдалмақ.
Leave A Reply

Your email address will not be published.