Жамбыл облысында жұмыртқаның рұқсат етілген шекті бағасы 365 теңге болып бекітілді

0
9

Қазір жұмыртқаның он данасы 339 теңгені құрап, орташа республикалық деңгейден жоғары болып тұр. Оған жергілікті өндірістің қамту үлесінің 30 пайызға төмендеуі себеп болған. Сондықтан облыста жұмыртқаның рұқсат етілген шекті бағасы бекітілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Халықты алаңдататын мәселенің бірі – азық-түлік бағасының тұрақсыздығы. Ол бірде жоғарылап, бірде төмендеп жатады. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, республикамен салыстыратын болсақ облыстағы негізгі тауар бағасы орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Атап айтсақ, пияздың бір килограмы облыста 84, қант – 245, сары май – 2364, картоп 113 теңгені құрайды. Ал нан, қырыққабат, тауық еті, айран, макорон өнімдері нарық бағамынан төмен бағалар қатарында.

Қазір жұмыртқаның он данасы 339 теңгені құрап, орташа республикалық деңгейден жоғары болып тұр. Оған жергілікті өндірістің ішкі сұранысты 45 пайызға қамтуы және солтүстік өңірлердегі құс тұмауы себеп болған. Дегенімен облыста жұмыртқаның рұқсат етілген шекті бағасы 365 теңге болып бекітілді. Негізгі сауда орындарында шекті бағадан асырмау жөнінде түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді, — дейді басқарма басшысы.

Өңірде көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында 3,5 мың тонна көкөніс қорын жасау жоспарланған. Оның ішінде картоп – 2, сәбіз бен пияз – 1,3 мың, қырыққабат – 200 тоннаны құрайды. Бұл көкөністерді шаруа қожалықтардан сатып алу үшін келісім шарт жасалып, бұл бағытқа жергілікті бюджеттен 188 миллион теңге бөлінген.

«Алқаптан сөреге» жобасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1282 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржының 855 миллион теңгесі жыл басында, 427 миллион теңгесі тамыз-қыркүйек айларында аударылған. Айналым қаражатына бөлінген алғашқы қаржыға (855) 2734 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және 3,5 миллион дана жұмыртқа алынып, нарықта өткерілген.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here