Жамбыл облысындағы бақтардан 27,9 тонна жеміс-жидек жиналды

0 0

Өткен жылы облыстағы бақтардан 21281 тонна өнім жиналса биыл 27,9 мың тонна жиналып отыр. Оның 22,2 мың тоннасын алма жемісі құрайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Соғы алты жыл көлемінде облыста 1163,2 гектар алқапқа үдемелі бақтар отырғызылған. Оның 168 гектарын шие бауы құрайды. Мұндай бақтар Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарында жақсы жолға қойылып келеді.
Үдемелі алма плантацияларының артықшылығы – алғашқы өнім алу мерзімінің қысқа болуы. Яғни, ол алқаптар екінші-үшінші жылдары өнім беретінімен ерекшеленеді. Аймақтағы үдемелі бақтарды қоса есептегенде облысымызда 3,5 мың гектарға жуық жеміс-жидек бақтары бар. Бұл алқаптардан жиналған өнімдер өз нарығымызбен қатар экспортқа шығарылуда. Өткен жылы ол бақтардан 21281 тонна өнім жиналса биыл 27,9 мың тонна жиналып отыр. Оның 22,2 мың тоннасын алма жемісі құрайды.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аудандардан алынған мәліметі бойынша биыл үдемелі бақтардан 7,5 мың тоннадан астам өнім жиналған. Алдағы жылдары облыста үдемелі алма бақтарының көлемін 1900 гектар алқапқа дейін артыру жоспарлануда.

Болашақта алма бақтарының қарқынды дамуы өңірімізге Қытай, Польша, Қызғыз бен Пакистан елдерінен келетін алманы нарықтан ығыстырып шығарады деген сенімдеміз. Жалпы алдағы уақытта, тек үдемелі бақтар ғана облыс тұрғындарының тұтыну нормаларын 100 пайызға қамтамасыз ететін болады деген болжам бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.