ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл ауданының «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығында болды

0 8

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев  Жамбыл ауданындағы күрделі жөндеуден өткен «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығында болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Нысан құрылысына 287 миллион 437 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «Айна-City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талапқа сай жүргізген.
Орталық директоры Салтанат Құрманованың айтуынша, 1400 балаға арналған орталықта 23 педагог техникалық, көркем эстетикалық, тілдік, биологиялық-экологиялық, сәндік қолданбалы, кәсіптік бағдар беруге баулиды.

Балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашылық ізденістерін, дағдыларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру мақсатында техникалық үлгілеу, әуе үлгілеу, кеме үлгілеу, автокөлік ісі, робототехника, қызықты математика, тағам дизайны, аспазшы кондитер, жас суретші, саздан бұйым жасау технологиясы, стоп кадр студиясы, ағылшын тілі, сөйлеу шеберлігі, жас биолог-эколог, химия, киім үлгілеу және этнодизайн, алғашқы медициналық көмек көрсету үйірмелері жұмыс жасайды.

Мұнда да Ербол Шырақбайұлы ауыл-аймаққа сән берген жоба алдағы уақыттада жалғасын табатынын жеткізді.

Айта кетейік, орталықтан шыққан соң ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев Қаракемер ауылында жұртшылықтың өтінішімен бой көтерген 90 орындықты ауылдық клубқа барды. Аталмыш жоба аясында салынған нысанда түрлі үйірмелер ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.