Тараз қаласында Меркі ауданының күндері өтеді

0 2

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында облыс орталығында аудан күндері жалғасуда. Осы демалыс, яғни 6-қараша күні Тараз қаласында Меркі ауданының күндері өтеді деп жоспарлануда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мәдени шарада қала қонақтары мен тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, спорттық ойындар мен концерттік бағдарламалар ұсынылатын болады. Тұрғындар үшін барлық іс-шаралар тегін көрсетіледі. Келіп тамашалауға шектеу жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.