Жамбылдық өнерпаздар Жетісу жұртшылығына жырдан шашу шашты

0 4

Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдениет күндері барысында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Жаңарған Жамбылдан – жерұйығы Жетісуға!» атты мерекелік концерті өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен шара Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ұйымдастырылды.

Концерт басталмастан бұрын Алматы облысының әкімі — Амандық Ғаббасұлы Баталов құттықтау сөзін сөйлеп, жамбылдықтарға ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі — Бердібек Мәшбекұлына ыстық ықыласын әкім орынбасары — Дәулет Жамаубайұлына жерұйығы Жетісудың әсем табиғаты бейнеленген картина табыс ету арқылы жеткізді.

Концерттік бағдарламада: «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «FirДауыс» квартеті, «Тараз-тарту» квартеті, Мәдениет саласының үздігі Ғани Мәтебаев және дәстүрлі-эстрада әншілері, облыстан шыққан эстрада жұлдыздары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, республикалық конкурстардың лауреаты Райм Уайс т.б. өнер көрсетті.

Іс-шараны жергілікті БАҚ және зиялы қауым өкілдері, Жетісу жұртшылығы тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.