Шу ауданында «Қыс-2021» оқу-жаттығуы өтті

0 0

Шу ауданы, Төле би ауылындағы орталық алаңда «Қыс-2021» РКШОЖ өткізу аясында Шу ауданының жедел ден қою жасағы сапқа тұрғызылып, олардың жеке құрамы, техникалары, құрал-жабдықтары тексерілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жедел ден қою жасағы құрамына 14 мекемеден құралған 100 адам және 23 арнайы техникалардың қыс мезгіліне, жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты:
— құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде басшылық құрам мен құрам командирлерінің тәжирбелік дағдыларын жетілдіру;
— азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылда міндеттерді орындау кезінде авариялық-құтқару құрамаларын түгендеу;
— авариялық-құтқару құрамаларының ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру;
— ТЖ жою бойынша тәсілдер мен іс-қимылдарды жетілдіру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.