Тұрар Рысқұлов ауданында жолдау жүктеген міндеттер түсіндірілді

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі»  атты  халыққа  Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ мүшесі Жангелді Омаровтың және аудан әкімі аппаратының басшысы  Жеңіс Әділовтың қатысуымен Жолдауды насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жолдаудан  туған міндеттер мен тапсырмаларды талқылады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиын Жамбыл облысы дін басқармасы басшысы Ж.Омаров, Жамбыл облысы дін басқармасының Діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің басшысы Н.Қуанышев,  мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бұл Жолдау тәуелсіз елдің берік діңгегі мен біртұтастығын сақтауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты шешіп, нақты міндеттерді орындауда маңызды құрал болмақ. Жолдау мемлекетіміздегі әлеуметтік ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.