Шу ауданы Оразалы батыр ауылына ауыз су пайдалануға берілді

0 19

Оразалы батыр ауылына Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауыз су пайдалануға берілді. Осыған орай аудан әкімі Н.Календеров ауыл тұрғындарын салтанатты түрде құттықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

« Біз үшін ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жеткізу және халықтың әл-ауқатын арттыру — басты назардағы мәселе. Алдағы бірер жылда аудандағы барлық елді мекендер ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қаланың жағдайына жететін болады. Мұның барлығы да Мемлекет басшысының жыл сайынғы біздерге арналған Жолдаулары мен тиісті міндеттемелерінің арқасында мүмкін болып отырған игілік деп білемін» – деді Н.Сәбитұлы.

Қазіргі таңда ауданда 34 елді мекеннің 25-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында Оразалы батыр ауылында су құбыры желілері мен сумен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттен жалпы құны 580,222 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.