Талас ауданында өнімдер төмен бағада өткізілді

0 1

Өткен сенбіде орталық алаңда азық-түлік тауарларының және ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында өткізілген шарада 588 келі балық, 2000 дана жұмыртқа, 1 тонна ет (400 келі сиыр, 450 келі қой, 210 келі жылқы), 520 литр сүт өнімдері, 12 тонна көкөніс, 2,5 тонна жеміс-жидек саудаланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге Тараз қаласынан «Көкжиек» ЖШС—гі, «Ырзабол» жеке кәсіпкерлігі, Байзақ ауданынан «Лесняк» ЖШС—гі, Жуалы ауданынан «Сапаркүл» жеке кәсіпкерлігі, Майтөбе ауылынан «Мадина Сейдуалиева» жеке кәсіпкерлігі өз өнімдерін әкелді.

Сондай-ақ, Берікқара, Қаратау, Тамды, Қызыләуіт ауылдық округтерінен жеткізілген ет және сүт өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды.

Жалпы, жәрмеңкеге қойылған тауарлар нарық бағасынан 10—15 пайызға төмен бағада сатылды. Сонымен қатар, сауда мәдениет қалыптастыру мақсатында қатысушылар ақ халат, бетперде, қолғап және ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы жазылған баннерлер ілінді.

Мұндай ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкені әр демалыс сайын өткізу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.