Қоғамдық қорға қаржы аударды

0 3

Талас ауданы әкімдігінде «Азия газ құбыры» ЖШС-нің бас директоры Ғалымжан Сағынтаев тұрмысы төмен, көпбалалы аналарға көмектесу мақсатында аудандағы «Нұр-Тау» қоғамдық қорына 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жақында ғана Үшарал ауылында 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілген Әбдір Сағынтаевтың кейінгі ұрпақтары қашанда қайырымдылық шараларының бел ортасында жүреді. «Туған жерге туыңды тік» — деген қағиданы берік ұстанған Әбдір ағаның балалары әр кез игі бастаманың ұйытқысы болып келеді.

Сертификатты серіктестіктің аға инспекторы Бегалы Ералиев және қызметкерлер Жанар Шаймұханова мен Айжан Камалбек арнайы келіп, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен «Нұр-Тау» қорының төрағасы Ақынбек Бектайға табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.