Бүгін Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды

0 1

Бүгін Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

22 қарашадан бастап Қазақстанда бұрын егілген азаматтар үшін COVID-19-ға қарсы ревакцинация бойынша егу науқаны басталды. Коронавирустан иммундық қорғанысты күшейту үшін вакцинаның бір үдеткіш дозасын алу керек.

Жамбыл облысында бүгіннен бастап «Спутник V» екпесінің 2-ші компонентімен егілген алғашқы 850 адам, яғни 9 ай бұрын екпе алған азаматтар қайта вакцинациялануы тиіс.

 Бұл негізінен Тараз қаласының медициналық мекемелерінің медицина қызметкерлері. Ревакцинация «QazVac» вакциналық препаратының 1 дозасымен жүргізіледі, оның жеткілікті мөлшері барлық емханада бар. 2021 жылдың 26 қарашасынан кейін ревакцинацияға жататын келесі тұлғалар 2021 жылғы 26 мамырдан кейін «QazVac» вакцинасының 2-ші турын алған 2 000 адам.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.11.2021 ж. №49 Қаулысының талаптарына сәйкес барлық алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жеткілікті мөлшердегі «QazVac» препаратымен ревакцинация бойынша егу жұмыстарын бастауы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.