Талас ауданында «Бизнес жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

0 0

Талас ауданында 2021 жылы өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жол картасымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша орындалуға 16 жоба жоспарланған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бағдарламаның шараларына қатысуға 2021 жылдың қаңтар айында 147,0 млн. теңгеге 18 жоба иелері несие алуға ниет білдіріп, үміткерлердің тізімі екінші деңгейдегі банктерге жолданды. Несие мақсаттары – инвестиция және айналым қаражатын толықтыру.

Бағдарламаның несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен берілетін портфельдік субсидиялау бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алу үшін ауданнан «Halyk bank» АҚ, «Sberbank» АҚ арқылы 67,5 млн. теңге қаражатқа 12 кәсіпкер қол жеткізді.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша ауданнан Бағдарлама аясында 14 жобаға 85,0 млн. теңгеге кепілдік сомасы берілді.
Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.

«Береке» несиелеу бағдарламасы бойынша 2021 жылдың басында Өңірлік «Береке» несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 3 банк қатысушы ретінде саналып, «Халық банк» АҚ – 200 млн. тг., «Сберанк» ЕБ» АҚ – 300 млн. тг., «Форте банк» АҚ – 500 млн. тг. қаражат бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.