ЖАМБЫЛДА 33 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ПАВИЛЬОНДАР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

0 3

Жамбыл облысындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданған. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде «Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қоры басқару департаментінің директоры Арман Түймебаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Оның мәліметінше, өңірдегі сауда нүктелерінде баға тұрақтылығы басты назарға алынып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуге септігін тигізіп отырған корпорацияның тұрақтандыру қоры арқылы облыс тұрғындары арзан өніммен қамтамасыз етіліп отыр.

«Бүгінгі күні аймақта барлығы 33 әлеуметтік дүкендер мен павильондар жұмыс істеуде. Оның 22-сі Тараз қаласында орын тепкен, қалған 11 дүкен аудан орталықтарында орналасқан», — деп түсіндірді Арман Бекмұратұлы.

Ол өткен жылы Тараз қаласының әлеуметтік павильондары мен сауда нүктелерінде «Тараз» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының күріш, ұн, қарақұмық жармасы, жұмыртқа, сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылғанын атап өтті. Нақтылай айтқанда, 406,7 млн теңгеге 3 060 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынған екен. Сондай-ақ 2021 жылы 4 506,1 тонна тауар, 30,5 мың бөлке нан және 339,36 мың дана тауық жұмыртқасы сатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.