Қордайда шағын футбол алаңы ашылды

0 5

Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр ауылында шағын футбол алаңы балалардың игілігіне берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл жаңалықты ауыл жастары қуана қабылдады. Себебі, ауылда доп тебуге арналған заманауи алаң жоқ еді. Жаңа футбол алаңы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңынан бой көтерді. Енді ауылдың футболсүйер өрендері жасанды жасыл төсеніште қысы-жазы доп теуіп, бос уақыттарын тиімді өткізеді.

Ауылдың спорт инстукторы арнайы уақыт кестесін құрастырып, тәртіпті қадағалайтын болады. Осы алаңда көрші ауылдардың жастары да келіп, футбол ойнайды. Жоспарда әртүрлі турнирлер ұйымдастыру да бар.

Айта кетерлігі, ауылда оқушылардан бөлек, 18-29 жас аралығында екі жүзге жуық жас бар екен. Құны 10 млн теңгеге жуық болған спорт нысанына ауылдық және аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.