Бүгінде тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша ақшаны кем дегенде, үш жыл жинау керек. Алайда ипотека, яғни ақшаның 50 пайызын құйып, алдын ала займ да алуға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аталған ипотеканы әскерилерге 5 пайызбен беруді жоспарлап отыр , деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, келесі жылдан бастап шамамен 67 мың әскери отбасы жинақ жүйесіне қатысатын болады. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Шекара қызмет, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскерилері бар. «Бүгін-ертең біз Қаржы министрлігінде бірнеше отырыс өткізетін боламыз. Әзірше, әскерилер үшін алдын ала займның 5 пайыздық мөлшерлемесін белгілеп отырмыз. Келесі жылы бізде 120 млрд теңгедей бюджетіміз болады. Бұл дегеніміз, шамамен 8 мың әскери отбасы 2018-2019 жылдары ішінде алдын ала займға тапсырыс бере алады. Қалғаны ақшаны жинай береді. Әрине, заң бойынша әскери азамат кез келген банктен ипотека ала алады. Алайда біз мемлекеттік банк, әлеуметтік банк ретінде әскери азаматтарға тиімді шарттарды ұсынуымыз қажет», – деді Л.Ибрагимова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Банк басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде әскери азаматтарға арналған шарттар даярланып жатыр. Жақын арада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оны кеңінен таныстыратын болады.

Дереккөз: inform.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here