Жамбыл облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

0 8

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстағы инвестициялық ахуалды және кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының басшысы Даурен  Омаров «Protecting business and investments» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 17 кәсіпкерлердің құқықтарын қорғағанына тоқталды.

Кездесуде инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу инвесторлар мен кәсіпкерлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім шартқа қол қою аясында жүзеге асырылады. Ондағы жалғыз шарт ол кәсіпкерлердің жұмыстарын таза жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» болып табылады.
Осы тұрғыда, Департаментпен барлығы жалпы соммасы 343 936 600 000 теңге болатын 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім шартқа қол қойылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізіліп, департамент басшысы Әділхан Әшірбаев инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін әрдайым қорғауға дайын екендігін хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.