Жамбыл облысында жыл соңына дейін 9 мектеп пайдалануға беріледі

0 4

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 9 мектеп пайдалануға беріледі , қосымша 5 мектептің құрылысын бастауға қаржы қарастырылды. Нәтижесінде облыстағы 4 апатты, 1 үш аусымды және орын тапшылығы бар  5 мектептің мәселесі шешіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңірде жыл соңына дейін 3 мектепке қосымша ғимарат салынуда. 1 мектеп-интернатына жедел саты орнату жоспарланған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жуалы, Сарысу, Шу, Талас аудандарында орта мектеп ғимараттары  оқушыларға есігін айқара ашпақ.

Қалған 3 нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Шілде айында 4 мектептің құрылысын бастауға​ облыстық бюджетті нақтылау барысында қаражат бөлінді. Олар:Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық , Күнбатыс ауылындағы 152 орындық ,Шу ауданы Алға ауылындағы 300 орындық , Бірлікүстем ауылындағы Домалақ-ене атындағы орта мектеп.

Сонымен қатар  ақыл ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп- интернат  жақында пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, отбасылық жағдай төмен 28 мың баланың ыстық тамағына қосымша киім кешегі және кеңсе тауарларын алуға 410 млн.теңге бөлініп, 700 млн. теңгеге жетті.

Биыл 15 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Нәтижесінде, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 98,6%-ға жетті. Жыл соңына дейін әлі 12 балабақша ашылатын болады.

Жыл басынан бері 2194 орындық 15 жекеменшік балабақша жоспардан тыс:Шу ауданында 345 орындық 3 жекеменшік балабақша, Тараз қаласында 80 орындық 1 жекеменшік балабақша ашылды.

Жыл соңына дейін 1120 орындық 16 мектепке дейінгі 920 орындық 12 жекеменшік балабақша, 125 орындық 4 шағын орталық, 75 қосымша орын ұйым ашу көзделуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыс бойынша 16 білім нысандарының құрылысын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген болатын.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 447 мектеп жұмыс істеп тұрды. Мектептерге 215 мыңнан аса оқушы келеді деп жоспарланып, оның ішінде 1-сыныпқа 26 255 оқушы қабылданды.

Ағымдағы жылы 4,9 млрд теңгеге 14 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек болды.  Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн теңге бөлінген болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.