Қала әкімі Қайрат Досаев «Таразстрой-2004» мердігер компания өкілдерімен кездесті

0 6

Қала әкімі Қайрат Досаев Байзақ батыр көшесі бойында су құбыры жүйесі жобасын жүргізіп отырған «Таразстрой-2004» мердігер компания өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байзақ батыр көшесінің бойында қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қайрат Әскербекұлы жұмыстың сапасын қарай келе, қазылған жолдарды  топырақпен көміп, нығыздау кезінде жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етті.

Сонымен қатар Байзақ батыр — Менделеев көшелерінің қиылысынан басталған жол жабындыларын қалпына келтіру жұмыстары бойынша қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін электр желісін тез арада қалпына келтіру туралы тапсырма берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.