Жуалы ауданының дәнді дақылдар өнімі 34 034 тоннаны құрайды

0 2

Жуалы ауданында егін алқабын аралаған аудан əкімі Нарбай Әбілқасымұлы егінжай басында шаруалармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мұнда аудан әкімі егін орағы жұмысын, кешенді техникаларды көрді.  Дала төсінде қызу еңбекке кіріскен жұрт əр күн, əр сағатты тиімді пайдаланып, қауызда дəн, алқапта масақ қалмасын деген оймен қырманды алтын дəнге толтыруда.

Қазіргі таңда дәнді дақылдар жинау ауданның барлық ауылдарында жоспарлы тәртіпте жүріп жатыр. Биыл өңірдегі егін орағы бойынша бүгінгі күнге ораққа түсетін масақты дәнді дақылдар көлемі 35 505 гектар, орылғаны  15 400 га , әр гектардан алынып жатқан орташа өнімділік 22,7 цн/га. Жалпы өнім 34 034 тоннаны құрайды.

Ауданда астық ору науқаны өзге шаруашылықтарда да жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.