Жамбылдық түлектерге қосымша 499 грант бөлінеді

0 2

ҚР Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көп балалы отбасыларының балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша республикалық трансферттен 5000 грант бөлді. Жамбыл облысына — 460 орын, оған қосымша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарына 30 орын және 9 орын резидентураға бөлінді. Барлығы 499 орын. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында  Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

ЖАО конкурсына қатысу үшін құжаттар 5-10 тамыз аралығында, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнына  24-25 тамыз аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер мына  керекті құжаттарды жинауы тиіс. Олар белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш,  білімі туралы құжаты, ҰБТ сертификаты,  086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

ЖАО білім беру гранттары өңірлердің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілігін ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысу үшін шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша ұлттық ЖЖОКБҰ-ға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары – кемінде 65 балл, ал Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл.

Ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету медицина» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Айта кетейік қабылдау комиссиясының мекен-жайы Тараз қаласы, Төле би көшесі 60, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғимаратында орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.